Қарағанды – 1932 жылдан қала. Республикамыздың ауыр өнеркәсібін дамытуға өзіндік үлкен үлес қосып келе жатқан өркенді өнеркәсіпті қала. Қарағанды облысының әкімшілік орталығы. Осы облыстың Жаңаарқа ауданында тау, елді мекен, Ақтоғай, Ұлытау ауданында өзен де осылай аталады. 1833 жылы қазіргі Қарағандыдан 25 шақырым қашықтықта Нұра өзені бойынан Байжан қарттың Әппақ деген қойшы баласы тас көмір кесектерін тауып, бұл жердің «Қарағанды» атанғанына бірталай уақыт өтіпті. Бір кездері тек «Қараған» деп аталатын тікенек өсімдіктен басқа ештеңе өспейтін бұл өлкеден бүгінде қара алтынның «Қазыналы түбегі» Қарағанды қаласының заманымыздың дәулетіне сай сәулетті шаһарын көреміз.
Атаудың мағынасы – «қараған қалың өскен жер». Қараған – өсімдік аты. Қараған сөзіне -ды қосымшасы жалғанған атау.