Қарасу – өзен аты. Қарасу атауындағы қара сөзі судың түсіне қатысты емес. Қарасу ұғымы ежелден-ақ «мөлдір су», «сусын» мәнін берген. Қарасу – үлкен өзен емес, жер астынан, сай-жыралардан шығып жатқан қайнар суы. Бұл атаудағы қара сөзін байырғы түркі тілдес халықтар «жер» мәнінде қолданған. Сондағы мағынасы, біздің ұғып келгенімізден өзгешерек «жер суы» (грунт) деген ұғымда.