Шерубай-Нұра – Қарағанды облысының Абай ауданында Шерубай-Нұра деп аталатын өзен және аттас бөген бар. Атау дара мағыналы екі сөзден жасалған, бірінші Шерубай сыңары кісі есімінен жасалған. Ол көне түркі тіліндегі шери, алтай тіліндегі черу – «әскер», «армия» дегенді білдіретін сөз, ал ұйғыр, өзбек тілінде шериқ деп аталып, «әскер, қолбасшы» деген мағына береді. Бұл сөзге қазақ тіліндегі бай сөзі қосылып кісі есімі жасалған. Ал гидронимнің екінші Нұра сыңарын зерттеушілер монғолдың жыры дегенді білдіретін сөзі деп түсіндіреді.