
Черниговка – село. 1896 жылы Ақмола облысының Көбетей өңірінде Черниговка селосы құрылған. Алғашқы тұрғындар Чернигов губерниясының Люблино және Охримовичи селосын келген. Чернигов қаласынан қоныс аударғандар табан тіреп тоқтаған жерлерін «Черниговка» деп атаған. Ал, қазір ол «Көбетей» делініп өзінің бұрынғы тарихи атауына ие болды.