Толағай – тау, биік. 550,4 м. Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Құрамында «толағай» (тологой/толгай/толгой) сөзі бар топонимдер монғол, бурят тілдерінде де кездеседі.
Мәселен, Баян-Толгой, Лам-Тологой, Бурят республикасында Чулун-Толгой, УндэрТолгой тау аттары бар. Монғол тілінде толгой – «бас» мағынасын білдірсе, топоним ретінде «төбе, шоқы» дегенді білдіреді. Ғ.Қонқашбаев тіліміздегі «толағай» сөзін монғол тілінен енген «шоқы, жеке тұрған биік тау», – деп білген.
А.Әбдірахманов бұл пікірді мақұлдаса, Е.Қойшыбаев: «Толағай – «түркі тілд. толу, қаз. арх. толы – ғай – прогрессивті ассимиляция түріндегі сөз», – дегенді айтады. Демек, «Толағай» – «шоқы, жеке тұрған биік тау» деген мағынаны білдіреді.