Сарысу

Сарысу – Қарағанды және Қызылорда, Жамбыл облыстарындағы өзен. Ұзындығы 800 км., басс. алыбы 83,6 мың км2. Сары даланы бойлай ағады да, Бетпақдала шөлейтіні сіңіп кетеді. Жоғарғы және төменгі ағыстары шілдеден қаңтарға дейін құрғап қалады. Негізінен ішуге және жер суландыруға пайдаланады. Атаудың Сарысу аталуы оның суының молдығы мен ұзақ жерге ағуына байланысты болса керек. Топонимдер құрамындағы сары сөзі негізгі (түр, түс мағынасынан бөлек) «үлкен, ірі, зор» мәнінде қолданылатыны белгілі. Осыған ден қойсақ, Сарысу «үлкен, ірі өзен» деген мағынаға толық сай келетіндей.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *