Қытаймен соғысқан Оспан батырдың өңделген фотосы. Суретті өңдеуші: Bekzat Bekbolat
Өмірдерек:
Оспан Сіләмұлы, Оспан батыр (1889-1950) — Қытайдағы Шыңжаң өлкесінде болған ұлт-азаттық қозғалыстың басшысы, халық батыры. Алтай аймағының Көктоғай ауданының Өңдіқара қыстағында дүниеге келген.
Ол 1940 жылы Алтай аймағында Шың Шысай үкіметіне қарсы шыққан Көктоғай көтерілісіне белсене қатысқан. Көтерілісшілер жеңілген кезде Оспан батыр 1940 жылы Алтай аймағында Шың Шысай үкіметіне қарсы шыққан Көктоғай көтерілісіне қатысып, ерлігімен ерекше көзге түскен. Көтерілісшілер жеңілген кезде ол Шың Шысай үкіметімен келісімге келуден бас тартқан.
1941-1943 жылдары Оспан батырдың қол астына қытай өкіметіне қарсы көптеген қазақтар қосылып, қатары көбейеді. КСРО мен Моңғолия өкіметтері оны Шың Шысай үкіметіне қарсы пайдалану мақсатымен оларға өз көмектерін ұсынған. 1943 жылы Моңғолияның әскери қолбасшысы Чойбалсан мен Кеңес Одағының генералы Попов бастаған топ Оспан батырмен кездесіп, 1000 винтовка, 20 пулемет, қажетті оқ-дәрі және басқа қарулар береді. Оған қоса 2 әскери ұшақ, 200-дей жауынгер беріп, Қытай иелігіндегі Бұлғын бекінісін қайтарып алуға көмектеседі.
1944-1945 жылдары Оспан батыр бастаған көтерілісшілер Шіңгіл, Көктоғай аудандарын Қытай әскерлерінен босатып, тұтас Алтай аймағын азат еткен. Осы еңбегі үшін Оспан батыр Кеңес Одағының көмегімен құрылған Шығыс Түркістан Халық Республикасының Халық қаһарманы орденімен марапатталған. 1945 жылы Шығыс Түркістан Республикасының армиясы құрылып, Оспан батыр басшылық жасайды. Сол жылы қыркүйекте Алтай аймағының генерал-губернаторы болып тағайындалады. 1949 жылы Қытайдың халық-азаттық армиясының бөлігі Үрімжіге кіргендіктен, Шыңжаң қаласында қытай коммунистері қатаң тәртіп орнатады. Оспан батыр жасақтары қытай қоммунистеріне қарсы соғыс ашып, Алтай округінің астанасы — Сүрсембе қаласын азат етеді. Округтегі барлық халықтар Оспан батырдың қол астына бірігеді.
1949 жылы қазан айында Оспан батыр жасағы Қытай қызыл армиясының үшінші және алтыншы дала армияларына қарсы соғысады. Қытай билеушілеріне қарсы тоқтаусыз шайқасқан Оспан батыр ақыры 1950 жылы 19 ақпанда қазіргі Гәнсу өлкесіне қарасты Канамбол тауының Мақай деген жерінде Қытай қызыл армиясының қолына түсіп, Үрімжі түрмесінде өлім жазасына кесіледі.
Дерек көзі:
Қазақстан ұлттық энциклопедиясы, 7 том