Мойынты – өзен, қала типіндегі поселке, темір жол стансасы, дөң, Жаңаарқа ауд. Қарағанды обл. Ғ.Қонқашбаев атауды өзенмен байланыстырып, «жіңішке, мойынға ұқсас» десе, Е.Қойшыбаев: «Көне түркі тілінде моин «мойын» + ту сөздерінен қалыптасып, айтыла келе, қазақ тілінің артикуляциялық базасына сай, еріндік ұ дыбысы езулік «ы» түрін қабылдаған. «Мойын тау» мағынасындағы атау», – деп пайымдайды.
«Мойынты» атауы, «мойнақты, тік асулы тау немесе өзен арнасының жіңішкерген жері, иіні» деген мәнге ие екені байқалады.