Майлы

Майлы – тау, Ақтоғай ауд., Қарағанды обл. Құрамындағы «май» сөзі бар жер-су аттары республикамызда көп кездеседі. Мәселен, Майлыбұлақ, Майөзек, Майтас, Майшөп, Мақайың, т.б. Көне түркі тілінде «май» «киелі, қасиетті, құдіретті» ұғымында қолданылған. Мәселен Таулы Алтай тілінде «май» және «эне», Орхон-Енисей жазуларындағы «Ұмай» – «Жер және Су перісі».
«Майлы» атауының топонимдік мағынасы «киелі, қасиетті, құдіретті тау» дегенді білдірсе керек.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *