Комсомол шыңы

Комсомол шыңы – Бұл шыңның ертедегі аты «Жиренсақал». Бабалардың айтуынша бұл шыңды жер астының байлығының иесі Жиренсақал әулие тұрақ еткен. Қожайын мезгіл-мезгіл қазыналарын түгендеп, қайта жасырып отырған. Сол кезде таудан гуіл, құлаған тастардың жаңғырығы естілетін болған…
Аңыз осындай. Кейбіреулер үш тас деп атаған. Бұл атау бекімеді. Өйткені бір тұсынан қараса үш тас көрінеді, басқа жақтан қарасаң екеуі ғана көрініп, олар үшіншісін тасалап тұрады. Кейін оны Қосшоқы деп атаған. Косшоқы деген ұғым шыңның екі шоқысы бар дегенді аңғартады. Төртінші «Қабан шоқысы» деген атау бұл жерде тағы шошқалардың жайлағанын бекітеді. Оған таяу жерлерде «Қабан үңгірі», «Қабан өзені» атауларының болуы да тегн емес.
Бұл шыңның соңғы бесінші атауы 1936 жылы орнықты. Қарқаралының жүзге тарта жас жігіттері мен қыздары ең биік шыңға шыққаннан кейін, оны жаңадан комсомол құрметіне «Комсомол шыңы» деп ат қойған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *