Кент – таулар. «Кент» деген сөз ирандылықтардан шыққан Түп төркіні қала дегенді білдіреді. Кент атауы біздің дәуірімізге дейінгі X – V ғасырларда берілген болуы керек. Өйткені сол кезде осы маңда халық өте тығыз қоныстанған екі шарышы километрге жуық аймақта әзірге жүзге жуық құрылыс орны табылды. Оның ішінде табыну орны да, құрбандық орны да бар. Былайша айтқанда, мұнда Кент қаласы болған.