КАМЕРА

КАМЕРА (латынша – бөлме), ф и з и к а д а – аспаптардың жабық қуыс бөліктері және фото-, кино- және видео- (латынша – қараймын, көремін) аппараттарының жалпылама атаулары.

Вильсон камерасы – зарядталған бөлшектердің траекторияларының бойында аса қаныққан будың конденсациясының нәтижесінде пайда болатын иондардың іздерін бақылауға арналған аспап.

Диффузиялық камера – зарядталған бөлшектердің траекторияларындың бойында қаныққан будың конденсациясының нәтижесінде тұрақты түрде пайда болатын иондардағы  іздерін бақылауға арналған аспап.

Иондағыш камера – жұмыс істеу принципі ядролық бөлшектердің газды иондау қасиетіне негізделген осы бөлшектерді зерттеуге әрі тіркеуге арналған аспап.

Көпіршікті камера – жұмыс істеу принципі бөлшектердің траекторияларының маңында аса ыссы сұйықтың қайнауына негізінде бөлшектердің іздерін тіркеуге арналған аспап.

Люминесценциялық камера – люминофорларда зарядталған бөлшектердің іздерін бақылауға әрі тіркеуге арналған аспап.

Пропорционалдық камера – бір жазықта және көбінесе бір газды көлемде орналасқан көптеген пропорционалдық есептегіштерден құралған құрылғы.

Реверберациялық камера – дыбыстың қоршаулық беттерден мүмкіндігінше толық шағылатын, барлық нүктелеріндегі дыбыстық қысым іс жүзінде бірдей болатын жағдайда акустикалық өлшеулер жүзеге асырылатын бөлме.

Рентгендік камера – рентген сәулесінің дифракциясы салдарынан үлгіде пайда болатын суретті тіркеу тәсілімен осы үлгінің атомдық құрылымын зерттеуге арналған аспап.

Стримерлік камера – ұшқындық камераның ұшқындар тез сөнетін және камера арқылы өтетін зарядталған бөлшектердің іздері тар жарқырауық арналардың (стримерлер) тізбектері ретінде байқалатын бір түрі.

Тректік камера – камера көлемі арқылы өтетін зарядталған бөлшектердің тректерін (іздерін) көрінетін кескінге түрлендіретін құрылғы.

Ұшқындық камера – әсері газда бөлшектер траекторияларының бойында ұшқындық разрядтардың пайда болуына негізделген, зарядталған бөлшектерді бақылауға әрі тіркеуге арналған аспап.

Эмульсиялық камера – жұмысы зарядталған бөлшектер іздерін фотографиялық эмульсиялардың жарық сезгіш молекулаларын иондау негізінде тіркеуге арналған аспап.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *