КАЛОРИМЕТРИЯ

КАЛОРИМЕТРИЯ – әр түрлі физикалық, химиялық және биологиялық үрдістерде бөлінетін жылу мөлшерін (пайда болатын жылу әсерін) өлшеу әдістерінің жиынтығы. Бұл әдіске фазалық ауысулар жылуы (балқу, қайнау т.б.), магниттелудің жылулық эффектілері, электрлендіру, еріту, сорбция, химиялық реакциялар (мысалы, жану), тірі организмдердегі зат алмасу үрдістері жатады. Калориметриялық өлшеулерді жүргізуге арналған аспаптар калориметрлер деп аталған (шекара шартты түрде алынған). 400 К температурадан жоғары калориметриялық өлшеу – жоғары температуралы калориметрия деп, ал сұйық азот, сутек, гелий температурасы аймағындағы (~77 К-ден төменгі) – төменгі температуралы калориметрия деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *