ИОНДЫҚ ЭМИССИЯ

ИОНДЫҚ ЭМИССИЯ (латынша «эмиссия – шығару») – жылулық қоздыру (термоиондық эмиссия) ықпалымен немесе беттерді бөлшектер ағынымен (ион – ионды және электрон – иондық эмиссия) немесе фотондармен (фотодесорбция) соққылау әсерінен қатты дене беттерінен (эмиттерден) оң және теріс иондар жұлып шығару.

Денелер беттерін күшті импульсті лазерлік сәулемен сәулелендірген кезде де иондық эмиссия байқалады, бұл жайт беттік атомдарды оптикалық, сонымен қатар жылулық қоздырумен түсіндіріледі. Иондық эмиссия қатты денелердің қасиеттерін және беттерінің құрамын зерттеу үшін қолданылады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *