ИОНДАУЫШ СӘУЛЕ

 

ИОНДАУЫШ СӘУЛЕ – ортамен өзараәсерлесуі осы ортаның атомдары мен молекулаларын иондауға әкеп соқтыратын бөлшектердің және электрмагниттік кванттардың ағындары. Рентгендік және γ-сәулесі, α-бөлшектер, электрондар, позитрондар, протондар, нейтрондар иондауыш сәуле болып табылады. Зарядталған бөлшектер ортаның атомдарымен және молекулаларымен соқтығысулары кезінде тікелей иондандырады (бірінші реттік иондалу). Соқтығысу кезінде бөлініп шыққан электрондар жеткілікті үлкен энергияға ие болса, олар да ортаны иондайтын болады (екінші реттік иондану). Шапшаң нейтрондардың иондауы ядролардың тебілуі немесе нейтрондардың ортамен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын өзгедей бөлшектер арқылы жүзеге асады. Фотондармен рентгендік және γ-сәулені иондау тікелей – бірінші реттік (фотоиондану), сондай-ақ фотондардың заттармен өзараәсерлесуі кезінде пайда болатын екінші реттік электрондар арқылы да жүзеге асады. Көрінетін сәуле мен ультракүлгін сәуле иондауыш сәулеге жатпайды.

ИОНДАУЫШ ЭНЕРГИЯ (грекше «энергия – әсер, әрекет») – негізгі энергетикалық күйдегі атомнан (атомды иондайтын) сыртқы электрондардың біреуін жұлып шығаруға жұмсалатын жұмысқа тең. Сан жүзінде иондауыш потенциалға тең.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *