ИОНДАЛҒАН ГАЗ

ИОНДАЛҒАН ГАЗ – атомдары (барлығы немесе көпшілігі) өздеріне тиесілі бір немесе бірнеше электронынан айырылып, оң иондарға айналған газ. Ерекше жағдайларда теріс иондарға да айнала алады.

 ИОНДАЛУ – электрлік бейтарап атомдардан және молекулалардан оң және теріс иондар мен бос электрондардың түзілуі. Қозбаған күйдегі бейтарап атомды (не молекуланы) екі немесе одан көп зарядты бөлшктерге бөлу үшін, яғни оның иондалу үшін, оған и о н д а у  э н е р г и я с ы н шығындау қажет. Берілген эле- менттің негізгі күйлерінен бірдей иондар түзе отырып ионданатын барлық атомдары (немесе химиялық қосылыстары) үшін бірдей иондау энергиясы шығындалады. Иондалу қарапайым акті ретінде атомнан (молекуладан) бір электрон бөліп шығаруды және осындай актілердің жиынтығы да (газдың, сұйықтың иондалуы) болып табылады. Бөлшектердің осындай иондалуға қатысты қа- сиеттері оның иондалу потенциалымен сипатталады.

 Электрондарды бейтарап атомдарға немесе молекулаларға қосудың (теріс иондар түзудің) өзгедей актілерден айырмашылығы иондалу энергиясын шығындау ретінде де, энергия бөлу ретінде де өтуі мүмкін; энергия бөлу жағдайындағы атомдар (молекулалар) электронға тектестік делінеді. Иондалу соққыдан, жылудан, фотонның әсерінен, лазерлік сәуледен т.б. әсерлерден жүзеге асуы мүмкін.

Ионданған газдар мен сұйықтар электрөткізгіштікке ие болады. Иондалуға кері құбылыс ион-электрон р е к о м б и н а ц и я с ы деп аталған. Иондар мен электрондар рекомбинациясының нәтижесінде оң иондар мен еркін электрондардың қосылуынан ион түзіледі. Бөлшектің иондалуға бейімділігі и о н д а л у  п о т е н ц и а л ы деп аталатын шамамен сипатталады. Егер бөлшекке иондалу энергиясы өзге бөлшектің (электрон, атом немесе ион) соқтығысуы арқылы берілсе, ондай иондалу с о қ қ ы  а р қ ы л ы иондалу деп аталады. Соқтығысу кезінде энергия жеткілікті мөлшерде берілсе, бір зарядты ионмен қатар көп зарядты иондардың да пайда болуы мүмкін.

 Кей жағдайда соқтығысу кезінде иондалушы бөлшекке берілетін энергияның шамасы аз болғанда да, бөлшектің иондалуы мүмкін: атомдар (не молекулалар) алғашқы соққы кезінде қозған күйге көшеді. Содан кейінгі соққы кезінде иондалады. Мұны с а т ы л ы иондалу деп атайды. Сатылы иондалу соқтығысулар тым жиі болып, бөлшектің екі соқтығысудың арасында алған энергиясын жо- ғалтып үлгермейтін (газ тығыздығы едәуір, соққылаушы бөлшектердің қар- қындылығы жоғары болғанда) жағдайда да туады. Оның үстіне иондалушы зат бөлшектерінің метатұрақты күйде болу мүмкіндігі сатылы иондалуды жеңілдетеді.

 Жеткілікті жоғары температура кезінде зат құрамындағы атомдардың (не молекулалардың) жылулық қозғалысының энергиясы белгілі бір мөлшерге жеткенде (температурасы 103 – 10 4 К шамасында болғанда) олар өзара соқтығысушы бөлшектердің кинетикалық энергиясы есебінен ионданады. Мұндай иондалуды т е р м и я л ы қ иондалу дейді.

 Иондалушы бөлшектер иондалу энергиясын фотондардан (электрмагниттік сәуле квантынан) алатын үрдіс ф о т о и о н д а л у деп аталған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *