Есіл – Осакаров ауданының ең атақты өзені. (Орыс тілінде өзен Ишим деп аталады,) Ол Қазақстанның орталық, солтүстік облыстарын басып өтіп, Ертіс өзеніне қосылады да әрі қарай Объ өзеніне барып құяды. Белгілі топономист Г.К.Қонқашпаевтың пікірінше «Есил» – «скрученно-волнистое течение» дегенді білдіреді. Яғни өзен суының бұралып, арқан сияқты есіліп ағатынын байқатады.
А.Әбдірахмановтың топшылауынша жоғарыдағы Есіл өзенінің аты йашыл>йасыл>йешіл >йесіл>есіл түрінде біртіндеп өзгеріске түсе отырып қалыптасқан.