Ерейментау – таулар. 4 нұсқау бар. 1) Ерейментау – кезінде бұл жерде тұрған кісінің құрметіне аталған Ереймен таулары. 2) Қаз. ер+емен сөздерінен қалыптасқан атау. «Еменді, күшті ер» мәніндегі атау. 3) Аңыз. Жоңғар жаулап алушыларға қарсы күрес кезеңіне байланысты Ерейментау таулары туралы аңыз бар. Бұл тауларға Бөгенбай батыр кезінде жауды айдап кіргізіп, тау шатқалында Бөгембай мен жоңғар арасында жекпе-жек айқасы болған. Жоңғар ұтылып қалған. Бөгенбай жауынгерлері жаудың атын ұстауға ұмтылған. Көп кешікпей таулар арасында «Ермен, ермен» деген шаттық айғайлар естілді. Содан бері ел ішінде бұл тауларды Ерейментау деп атап кеткен. 4) Е.Қойшыбаевтың нұсқауы: Түр. — монғ. тілдері негізінде арайман сын. шырай («шұғылалы, арайлы») сөзіне қазақтың тау сөзінің қосылуымен жасалған атау. Мағынасы: «арайлы, үздік-создық, көз
талдыратын көрікті тау».