Дересін – Балқаш көлінің солтүстік жағасындағы жер аты. Жері шилі, қалың шөпті болып келеді. Бұл монғолдың дэрс (үн) – «шилі», «шөпті» деген сөзінен алынған. Ғ.Қонқашбаев та осы пікірде бола отырып, бұл аймақта Бас – Дересін, Орта – Дересін, Аяқ – Дересін деген жерлер бар екендігін көрсетеді.