Бұқпа

Бұқпа – өзен, Қарағанды қаласының оңт.-шығ.-да жазық даланы көлбей ағады. Жағалай тал, өсімдік өспейтіндіктен дәл жағалауына келгенше байқау қиын. Осы ерекшелігін бұқпа сөзі де анықтай түседі. Тіліміздегі бұқ етістігі – жасырыну «бой тасалау», «көзге көрінбеу» мағынасын білдіреді. Ал па қазақ тіліндегі етістіктерден есім тудырушы жұрнақ.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *