Баладересін

Баладересін – село, Қарқаралы ауд., Қарағанды обл. Топоним құрамындағы «бала» сөзі «кіші», «кішкентай» деген мағына ие. Ал екінші құрамындағы «дересін» сөзінің түбірі дере (варианты – дара) түрік, тәжік тілдерінде «сай, жар, тау қыспағы, тау өзені» деген мағынаны білдірсе, қырғыз тіліндегі дере (иран тілінен енген) – «тау қыспағы, қылтасы», «сай», «жыра»; қырым татарларында дере – «жыра», «тар соқпақ»; лак, лезгинде – «сай», «жыра»; ауғанда дара – «сай», «өзек»; парсыда дере «сай», «өзек»; деген мән-мағыналарға ие (Мурзаев, 1984, 171). Олай болса, «Баладересін» атауының «кішкене сай, жыра, қыспақ» деген мағынаға ие екенін көреміз.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *