Аяқтуайт – тау, биік 692,4 м. (Бастуайт тауының сілемі) Қарқаралы ауд., Қарағанды обл. Бұл тауды «аяқ-ту-ай» (т) тұлғасындағы этнотопоним» деп түсіндіру бар (Қойшыбаев, 1985, 56). Атаудың бірінші сыңарындағы «аяқ» сөзі «төменгі жақтағы» деген топонимдік мағынаға ие деп қарасақ, оның «туайт» сыңарын Таулы Алтай, Шығыс түркі тілдеріндегі «табат» топонимінің параллелі, ол негізінен монғолдың давтай (<dobutai) – «жоталы, төбелі, қыр, қыратты» сөзінің дыбыстық тұлғадағы өзгерген түрі деп қарауға болады. Демек, атаудың «туаит» сыңары монғолдың dobutai сөзінің дыбыстық тұлғадағы өзгерген түрі деп білеміз. Олай болса, «Аяқтуайт» – «төменгі жақтағы төбелер мен жота, қырлар» деген мәнге ие деп жорамалдаймыз.