Ахметеспе – Қарағанды облысының Ақтоғай ауданындағы өзен. Араб тілінде Ахмет «мақтаулы», «мақтауға тұрарлық» дегенді білдіреді, ол Мұхаммедтің қосалқы аты. Ал атаудың құрамындағы еспе сөзі – халықтық географиялық термин. Ол екі түрлі мағынада жұмсалады. Біріншісі – белгілі бір мерзімде ғана су ағатын, көктем кезінде қатты тасып, арнасып орып, жуып кететін, соңынан кеуіп қалатын өзенді білдіреді, ал екіншісі – үстірт жақта онша терең емес құдықты айтады.