ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

ҮНДЕСТІК ЗАҢЫ

Үндестік заңы (грек. sun-бірге, harmonia-үндесу) – түркі тілдерінің дыбыстық жүйесіндегі басты заң. Үндестік заңы тілдің бүкіл фонетикалық бейнесін, дыбыс жүйесі мен буын жүйесінің ерекшелігін, сөйлеу нормасын айқындайтын құбылыс. Үндестік заңы бойынша сөздер не бірыңғай жуан, не бірыңғай жіңішке, не еріндік, не езулік болып айтылады. Түбірге жалғанатын қосымшаларда осы заңдылыққа бағынады. Мысалы: далалық, еңбекшілер, жұлдұзым (жұлдызым), күлкүлі (күлкілі). Бұл тілдік деректер арқылы қазақ тіл білімінің орфография және орфоэпия салаларының ерекшеліктері айқын көрінеді. Үндестік заңы сақталу үшін тілді қолданушы орфаграфиялық ережелерге бағынуы қажет. Ал ауызша сөйлеу үдерісінде орфоэпия саласына жүгінеміз. Үндестік заңының басты қасиеті  оның сөзайырымдық және сөзтанымдық қызметінен көрінеді. Үн дестік заңының жоғарыда айтылған қасиеттеріне қарай,           үн дес дыбыс, үндес белгі, үндес сөз, үндес буын, үндес әуен сияқты тер миндер қолданылады. Ерін үндестігі (губная гармония) – сөйлеу тілінде алғашқы буындағы еріндік дауыстының әсерімен кейінгі буындарға дауыстылардың еріндікке айналуы. Мысалы: бұрынғы — бұрұңғұ, өрік – өрүк, күрек – күрөк, көлеңке – көлөңкө. Бұл құбылыс жалпы тіл білімінде «лабиалды сингармонизм» терминімен аталады. Езу үндестігі (гармония негубных) – тіл үстінің қатты таңдайға көтерілуі  арқылы жасалатын дауысты дыбыстардың бірыңғайласуы: даладағылар, кемедегілер, ақындық.

Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *