ҮЙЛЕСІМДІЛІК
Тіл біліміндегі валенттілік туралы сөз қозғағанда оны үйлесімділік ұғымымен қатар қарастыру керек. Тіл мен сөйлемді ажырату арқылы валенттілік пен үйлесімділіктің аражігін ашуға болады. Өйткені валенттілік тіл құбылысы болса, үйлесімділік сөйлем құбылысы болып табылады. Валенттілік – абстрактілі және жүйелік сипатқа ие тіл фактісі, ол тіл бірліктерінің потенциалдық үйлесімділігі, үйлесімділік – нормативі жүзеге асырылған сөйлем фактісі. Айрықша мәнді сөздердің үйлесімділігі жайында айтқанда біз сөйлем барысындағы сөздің қарапайым орналасуын емес, бағыныңқы байланыс негізінде біріктірілуін есепке аламыз. Нәтижесінде сөйлем немесе сөз тіркесі пайда болады. Валенттілік – бұл сөз байланысының сандық шектелуі, үйлесімділік – сөздің семантикалық сәйкестігінің сапалық шектелуі.
Г. Сыздықова. / Валенттілік түрлерінің тіл деңгей- леріндегі сипаты