ЭЛИЗИЯ

ЭЛИЗИЯ

Элизия (лат. elisio – ығыстыру) – бунақтағы сөздердің арасында қатар келген екі дауыстының алдыңғысының түсіп қалуы. Мысалы: қарала (қара ала), алалмады (ала алмады), айталмады (айта алмады), жоғаріл (жоғары іл), жақсөнөр (жақсы өнер), жақсөлөң (жақсы өлең), жыйырмалты (жиырма алты), екайғыр (екі айғыр), мынадам (мына адам), алешкі (ала ешкі). Мұны контактілі элизия дейміз. Өйткені екінші буындағы (орын, ерін, мұрын) дауыстының түсуі тек қосымшаның басындағы дауыстымен байланысты болып келеді.

С.Мырзабеков. Қазақ тілінің фонетикасы. – Алматы, 2004

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *