ЭКСПРЕССЕМА

ЭКСПРЕССЕМА Экспрессема — жалпытілдік әдеби нормалардың бұзылуының нәтижесінде пайда болатын сөйлеу мәнерінің тарихи, мәдени басқа да аспектілерімен байланысты тәсіл. Мәселен, ақын Кәкімбек Салықовтың: «Бір ақын бір ақыннан ақынырақ,өйткені ол жүрекке жақынырақ. Ел-жұртқа қалды десек қалай ұнап, Күшті ақын күрделі де жабайырақ. Қашанда мықты ақындар Махамбеттеу, Кемеңгер ойлы ақындар Абайырақ» деген жолдарындағы ақынырақ, Махамбеттеу, Абайырақ деген қолданыстар тілдің құрылымдық нормасына қайшы болғанымен, өлеңнің әсерлілігін арттырып тұр. Экспрессема жалпы мен жалқының, мазмұн мен форманың, жалпылық пен жалқылықтың, материалды дүние мен руханилықтың бірлігі ретінде көрініс алып, лингвистикалық және эстетикалық мазмұнға ие болады. Экспрессема лексика-грамматикалық және фонетикалық жағынан бекітілген ұғым өрісі. Экспрессеманың экспрессив ұғымымен де өзара байланысы бар. Экспрессив дегеніміз семантикалық жағынан экспрессивтілік, эмоционалдылық пен пайымдаушылық сияқты коннотативті бөлшектер мен атау негізі сияқты денотативті бөлшектерді қатар қамтитын окказионал сөздер немесе лексика-семантикалық нұсқа  лар. Десек те, экспрессема стилистикалық бірлік болса, экспрес  сивтер тілдік жүйенің лексика-семантикалық бірлігі ретінде көрініс алады. Оларды мәнерлілік категориясы біріктіреді. Қаламгер экспрессеманы образға жетудегі баспалдақ ретінде пайдаланады. Экспрессема формасы жағы нан сөзге тең болғанымен, ішкі мазмұны жағынан сөзден жоғары. Оның бояуы қанық, белгілі бір реңкі басым. Экспрессема тілдің лексикалық деңгейін құрайтын синонимдік қатарлар, одағайлар,  антонимдік жұптардың негізінде жасалады. Лексикалық қайталау, күрделі жеке авторлық сөздер сияқты валенттілігі жоғары лексикалық бөлшектер экспрессема жасауға көмектеседі

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *