ТІЛ ҚИСЫНЫ Тіл қисыны – нақты ойды бірізді, бір-біріне қайшылықсыз, дәлелді түрде жеткізу барысында көрінетін тілдің коммуникативті қасиеті. Тіл қисынына экстралингвистикалық және лингвистикалық факторлар әсер етеді. Экстралингвистикалық факторларға қисынды ойлай алу (жазба және ауызша тіл қисынын сақтау үшін ең алдымен ойлау қисыны қалыптасуы керек), формальды-логикалық заңдылықтарды сақтау жатса, лингвистикалық факторларға мазмұндау (хабарлау) қисынын меңгеру немесе сөйлеудің құрылымдық бірліктерінің мағыналық байланысы мен бірізділігін қамтамасыз ететін тілдік тәсілдерді білу жатады. Тіл қисыны туралы А.Байтұрсынұлы: «Тіл қисыны дегеніміз — асыл сөздің асыл болатын заңдарын, шарттарын танытатын ғылым. Лебіз ғылымының мақсаты – асыл сөздердің асыл болатын заңдарын білдіріп, түрлерін танытып, әдебиет жүзіндегі өнерпаздардың шығарған сөздерінің үлгі-өнегелерімен таныстырып, сөз ден шеберлер не жасағандығын, не жасауға болатындығын көрсету… Сөздің келісті болатын заңдарын, шарттарын біліп тізу – тіл қисыны деп аталады», — деген болатын. Тіл бірліктерінің лексика-семантикалық, морфологиялық және синтаксистік деңгейде сәй кес келуі — ойды қисынды жеткізудің алғышартының бірі. Тіл қисы ны сөздің дұрыстығы және дәлдігімен тығыз байланысты, нақтырақ айтқанда, тіл қисыны автордың сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс қолдануынан, сөздердің орын тәртібін сақтауынан, сөйлем құрылымын күрделендіре бермей, мейлінше қарапайым да нақты етіп құруынан байқалады. Тіл қисыны да тіл дәлдігі сияқты сөйлеуді маз мұндық жағынан сипаттайды. Алайда екі ұғымның өзіндік ерек шеліктері де бар. Тіл дәлдігі деп қолданылып отырған сөз семантикасының бейнеленіп отырған шындыққа дәл келуін айтамыз, яғни тіл дәлдігі сөз қолданысымен тікелей байланысты. Ал тіл қисыны сөйлеудің құрылымдық қызметімен байланысты, нақтырақ айтқанда, сөйлемдегі тіл бірліктерінің кисын және дұрыс ойлау заңдылықтары тұрғысынан тіркесуін сипаттайды.