ТІЛДІҢ КӨРКЕМДЕУІШ ҚҰРАЛДАРЫ
Тілдің көркемдеуіш құралдары көбіне көркем әдебиет стилінде қолданылады. Тілдегі көркемдеуіш құралдар қатарына теңеу мен эпитет, айшықтау және құбылтудың түрлері кіреді. Солардың ішінде автив қолданысқа ие болғаны – теңеу мен айқындау. Айшықтаудың түрлері шендестіру, қайталау, паралеллизм, риторикалық сұрақ-жауап, дауыс ырғағы болса, ал ауыстыру, кейіптеу, пернелеу, алмастыру, синекдоха, гипербола, литота, ирония, сарказм, перифраздар құбылту қатарына жатады.