ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ

ИНТЕРФЕРЕНЦИЯ [латынша «интер – арасы» және «ференс (ферентис) – тасушы»] – кеңістіктің кейбір нүктелерінде когерентті (жарықтың, дыбыстың, т.б.) толқындардың қабаттасуы кезінде толқындардың фазаларының айырымына тәуелді түрде осы толқындардың кейбір нүктелерінде күшеюі, кейбір нүктелерінде толқындардың әлсіреуі байқалатын құбылыс.

Интерференциялық құбылыстың мысалына жұқа пленкалардың (асфальтқа төгілген бензин дақтарының, сабын пленкасының) түрлі түсті болып байқалуы жатады). Осы жағдайда пленканың сыртқы жә- не ішкі беттерінен ша- ғылған сәулелердің интерференциясы жүзеге асады. Егер пленканың қалыңдығы, мысалы, жарық толқыны ұзын- дығының жартысына тең болса, онда сәуле

жолдарының ұзындық- Толқындар интерференциясы. Екі саңылау арқылы өткен толқындардың бір-бірінің үстіне қабаттасуы нәтижесінде

тарының айырымы тол- интерференциялық жолақтар пайда болады, оларды біраз қын ұзындығына тең қашықтықта орналасқан экраннан байқауға болады

[пленканың ішкі бетінен шағылған сәуле пленканың  ішінде 2 рет (ары және кері бағытта өтеді)] болады. Сондықтан фазалар айырымы 2π-ге тең және де сәулелер бірін бірі барынша (максимал) күшейтеді. Пленканың қалыңдығы әдетте бір орыннан екінші орын аралығында өзгеретіндіктен, ол әртүрлі түсті болып байқалады.

Тура таралған және шағылған толқын- дардан пайда болатын интерференциялық суреттің көрінісі ерекше болады. Осы жағ- дайда тұрғын толқын пайда болады.

Шаң басқан айнадан интерференция құбылысын байқауға болады. Егер осындай айна алдында майшам жағылатын болса, онда жалынның төңірегінен (айналасынан)

Интерференциялық құбылыстар түрлі түсті жиекті байқауға болады. Бұл

құбылыс беті ретсіз шаңдалған айнадан шағылысқан жарықтың интерференциялануынан пайда болады. Әлгі шаң-тозаңдар «дифракциялық тор» ретінде әсерін тигізді. Осы құбылыс – кей кезде Күн немесе Ай дискісінің төңірегінде байқалатын түрлі түсті концентрлі шеңберлердің пайда болуына ұқсас құбылыс болып табылады. Соңғы құбылыста шаң–тозаңның орнын атмосферадағы су тамшылары басып отыр.

«Тұрақты шаң-тозаң басқан айна» жасау үшін шағын таза әйнек алып, мысалы, жуылған фотопластинкаға жұқа қабатты вазелин жағып, оған өсімдіктің ұсақ тозаңдарын бірқалыпты себу керек. Осы пластинканың бетіне екінші бір фотопластинканы беттестіріп, майшамның жалынына қараңыз. Жалынның төңірегінен түрлі түсті (ішкі жағында – көк түсті, сыртқы жағында – қызыл түсті) жиекті байқайтын боласыз.

 Жарық интерференциясы – жарық қарқындылығының кеңістіктік қайта үлестірілуі кезінде жарық және күңгірт жолақтар түрінде байқалатын жарық толқындарының қабаттасуы.

 Полярланған жарық сәулесінің интерференциясы – жарықтың полярланған когерентті сәулесінің сәуленің қосарланған сынуына ие ортадан өтуі нәтижесінде әлгі сәуленің бір-бірінің үстіне қабаттасып түсуі кезінде пайда болатын интерференциялық суреті.

Толқындар интерференциясы – кеңістіктің әртүрлі нүктелерінде қорытқы толқын амплитудасының күшеюі немесе әлсіреуі пайда болатын когерентті толқындардың қабаттасуы.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *