ИНТЕГРАЛДЫҚ СҰЛБА

ИНТЕГРАЛДЫҚ СҰЛБА, интегралдық микросұлба (латынша «инте- гер – бүтін») – электрондық техниканың өзара байланысқан транзисторлардан және басқа бөліктерден құралған және технологиялық ортақ цикл бойынша жасалған құрылғы. Интегралдық сұлба идеясын алғаш болып 1952 жылы ағылшын инженері Г.У.Даммер ұсынған. 1959 жылы Джек Килби резистор мен конденсаторды Джон Бардин (1908 – 1991), Уильям Шокли (1910 – 1989) және Уолтер Браттейндердің (1902 – 1987) транзисторды жасаған тәсіліне ұқсас бүкіл құраушы бөліктерді ортақ бір тұғырға орналастырып бәрін бір мезгілде жасауды жүзеге асырған. Осылайша 1959 жылы дүниежүзіндегі ең алғашқы интегралдық сұлба жасалған.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *