ИНЖЕКЦИЯ, заряд тасығыштардың инжекциясы

ИНЖЕКЦИЯ, заряд тасығыштардың инжекциясы – тепе-теңсіз (артық) заряд тасушылардың электр өрісінің әсерімен жартылайөткізгішке немесе диэлек- трикке енуі. Артық заряд тасушылардың көзі ретінде жанасатын жартылай- өткізгіш немесе металл, жарық (фотоинжекция), электр өрісінің өзі (тасқындық инжекция), т.б. бола алады. Жанаспалық инжекция кезінде сыртқы электр өрісі заряд тасушылардың тепе-теңдігін шығу жұмысы (Ф) әртүрлі қатты екі дененің жанаспалы (жапсары) арқылы бұзады. Қатты денені жанаспаға жанастырған кезде жанасатын аймақ маңайында бір дененің оң зарядталуына, ал екіншісінің – теріс зарядталуына әкеп соқтыратын заряд тасушылардың диффузиялық ағынын тудырады. Жанаспаның маңайында диффузиялық ағындарды компенсациялайтын (есесін қайтаратын) ағындар тудыратын электр өрісі пайда болады. Егер сыртқы өріс жанаспалық өріске қарсы бағытта болса, онда шығу жұмысы (Ф) аз денеден шығу жұмысы (Ф) көп денеге қарай артық электрондардың ағыны және кері бағытта артық кемтіктердің ағыны пайда болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *