ИНЕРЦИЯ КҮШІ (латынша – қозғалмайтын) – материалдық нүкте массасы (m) мен оның үдеуінің (w) сан жүзіндегі көбейтіндісіне тең болатын және де үдеуге қарама-қарсы бағытталған векторлық шама. Қисық сызықты қозғалыс кезінде бұл шама жанама (тангенстік) және нормал бағыттық (тік бағыттық) құраушыларға жіктеледі.
Инерция күші туралы ұғым салыстырмалы қозғалыс үшін де ендіріледі.