ИНЕРЦИЯЛЫҚ САНАҚ ЖҮЙЕСІ

ИНЕРЦИЯЛЫҚ САНАҚ ЖҮЙЕСІ – ешқандай күш әсер етпейтін (немесе бір-бірін өзара теңгеретін күштер әсер етсе) материалдық нүкте тыныштық күйде немесе бірқалыпты түзу сызықты қозғалыста болады делінетін инерция заңы тура болатын санақ жүйесі. Инерциялық санақ жүйесіне қатысты ілгерілемелі, бірқалыпты және түзу сызықты қозғалатын кез келген санақ жүйесі де инерциялық санақ жүйесі болады. Сондықтан теория жүзінде инерциялық санақ жүйесімен тең болатын кез келген санды әлгіндей жүйелерде физика заңдары ортақ (салыстырмалық принцип) болады. Кез келген инерциялық санақ жүйесінде Ньютонның екінші заңы және қозғалыс мөлшерінің (импульстің), қозғалыс моменті мөлшерінің және сыртқы әсерлерге ұшырамаған тұйық жүйелерге арналған инерция орталығының (масса орталығының) қозғалысының сақталу заңы тура.Инерциялық санақ жүйесіне қатысты үдемелі қозғалатын санақ жүйесі – инерциялық емес жүйе болады және де инерция заңы және басқа әлгі аталған заңдар мұнда орындалмайтын болады.

 «Инерциялық санақ жүйесі» ұғымы ғылыми абстракция болып табылады. Нақты санақ жүйесі әрқашан да іс жүзінде әйтеуір бір денемен (Жермен, ғарыш кемесімен немесе ұшақ корпусымен, т.б.) байланыстырылады.

Табиғатта тапжылмай орнынан қозғалмайтын дене жоқ (дене Жерге қа- тысты қозғалмайтын болғанымен, Күнге және жұлдыздарға қатысты үдемелі қозғалыста болады). Сондықтан кез келген нақты санақ жүйесі жуықтап қарастырылғанда инерциялық санақ жүйесі ретінде қарастырылады.

Бір инерциялық санақ жүйеден Ньютонның классикалық механикасынан өзге бір жүйеге ауысқан кезде кеңістіктік координаттар мен уақыт үшін Галилейдің түрлендірулері, релятивтік механикада Лоренцтің түрлендірулері тура болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *