ИНДУКЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ

ИНДУКЦИЯЛЫҚ СӘУЛЕ ШЫҒАРУ, еріксіз сәуле шығару – заттар бөлшектерінің (атомдардың, молекулалардың, т.б.) сыртқы (мәжбүрлеуші) электрмагниттік сәуленің әсерімен электрмагниттік толқындар шығаруы. Бұл сәуленің жиілігі, фазасы, таралу бағыты және полярлануы мәжбүрлеуші сәуленікімен бірдей болады. Сондықтан, индукциялық сәуле когерентті болады және белгілі бір жағдайларда электрмагниттік толқындардың едәуір күшеюіне және шығуына әкеп соқтырады. Әдетте қоздырылған күйдегі атомдар саны мен индукциялық сәуле квантын шығару қасиеті термодинамикалық теңгерілмеген жүйедегі негізгі күйдегіден артық болады. Жиіліктің кванттық эталонының, кванттық генераторлардың, кванттық күшейткіштердің, мазерлердің, лазерлердің жұмыстары индукциялық сәуле шығару құбылысына негізделген.

ИНДУКЦИЯЛЫҚ ТОК – айнымалы магнит өрісінде немесе қозғалыстағы магнит өрісінде орналасқан өткізгіштік контурда туындайтын ток.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *