Қаржаубай Сартқожаұлы,
тарих ғылымының кандидаты,
доцент, түрколог
БАЙЫРҒЫ ТҮРКІ «Ж» ФОНЕМІ ҚАҚЫНДА
Бізге жеткен ерте Ортағасырлық жәдігерліктерді, тас бетіндегі рун жазуларын оқыған зерттеушілер бұған дейін байырғы түрік тілінде «ž» фонемсіз оқып келді. Сөйтіп байырғы түрік тілін «j» (и) тілді халық ретінде ғылымда берік түсінік қалыптастырды. Шынында солай ма? Осы проблемаға анализ жасап көрелік.
1. Байырғы түрік рун жазуының алдында, әрі сол дәуірде қолданыста болған брахми, манихей алфавиттерімен жазылған түрік тіліндегі жазба деректерінде «ž (ж)» фонемді «dža», «ž» деп белгілеген (Gabain. Eski.1988. p.26).
2. Ұйғұр алфавитін б.з. 790 жылдардан бастап Орталық Азиялық түріктер қолдана бастаған. Байырғы түріктердің рун жазуын кең көлемде қолданыста болған кезеңдердің бірі. Міне осы ұйғұр алфавитінде «ž (ж)» дыбысын графикада Ч деп белгілеген. Ұйғұр графикасымен жазылған мәтіндердің барлығында сақталған (M.Kašgarli. Divanü lugat-it-türk. 1985-1986.p.8,12). Олай болса, манихей, брахми мен ұйғұр әліпбиінде белгіленген түрік тілінің «ž (ж)» фонемі руникада қалайша жоқ болып кетеді деген сұрақ туады. «Ž» фонемі болуға тиісті. Зерттеушілер оны графикадан белгілеп бере алмаған.
3. Ерте Ортағасырлық Хазар мемлекетінің Савира тайпасы «ž (ж)» диалектімен сөйлеген. Гундердің көсемі (савир тайпасынан) Алп 682 жылы Хурсана Зертегінді (Жер-тегін) Арменияға елшілікке аттандырады. Міне сол Зертегін (Жер-тегін) деген атауын армян ғалымдары «žertegin (жер-тегін)» деп оқи отыра, олардың «ž (ж)» диалектілігін дәлелдейді (В.Л.Гукасян. Об одной., 1984.,с.82). Мысалы, Хазар мемлекетінің қағаннан кейінгі екінші лауазымды «жабғу хакан» (žabɣu qaɣan) деп сол дәуірдегі армян нұсқасы «Истории Алван» деген еңбекте жазып қалдырған (Гукасян.,с.80). Хазарлардың осы «ž (ж)» диалектісі кейін азербайжан тілінде дәстүрлік сабақтастығы сақталған. Хазар мемлекетінің бір үлкен тайпалық одағы печенектердің атауын Ал-Масуди (Х ғ.) «beženek» (беженек) деп жазып қалдырған. Мысалы, žer (жер), žyr (жырту), žymryq (жұдырық), beženek (печенек), žabɣu (явғу) т.т. с.с. жекелеген сөздер жазылып сақталған.
4. Байырғы түрік қағанатының билеуші тайпасы қыпшақтар болған (Сартқожаұлы Қ., 2003. б.67-82 ). Қыпшақ тілі ежелден «ž» тілді болғаны ғылымда әбден дәлелденген.
5. Ерте Ортағасырдың соңында жазылып сақталған М.Қашқари сөздігінде қыпшақ, оғуздар «ž (ж)» тілді екенін айта отырып, нақты мысалдар келтіреді: jinžü (түрікше – інжү) ~ žinžü (жінжү) (қыпшақ, оғуз); juɣdu (түрікше – жүкті түйе) ~ žuɣdu (қыпшақ, оғуз); žylyratty (жылтыратты), žuwšatty (ашытты).
Түркі диалектісінің сөз басындағы -s, -j әріптерінің орнына қыпшақ, оғуздар «ž (ж)» әрпін қолданған. Мысалы, Ol meni žetti (ол маған жетті). Suwda žundym (суға жуындым), — дейді М.Қашқари (МК.ІІ.364-389).
6. Б.з. V-XII ғ.ғ. өмір сүрген Еділ Бұлғарларында да «ž» дыбысы қолданыста болған. Мысалы, žoh (К.Т. žoɣ) ~ бата, оң арулау; žür (K.T. žüž) ~ жүз; žirme (K.T. žigirme) ~ жиырма; žeti (К.Т. žeti) ~ жеті. Еділ Бұлғарларында «ž» дыбысы тіл алды, жабысыңқы, ұяң айтылған (Хакимзянов Ф.С., Бұлғар тілі // Тюркские языки., с.47-51).
7. Қарлуқ тайпасының қалдырған мәтіндерінде «ž» тілді екенін дәлелдейтін жаңа деректер табылды (Сартқожаұлы Қ., Моңғолия экспедициясының есебі. 2003 ж., б.23).
8. Көк түрік мәдениетінің ізбасарлары Біріккен түріктер (керей, найман, едізді) (ТТ., б.71) (VІІІ-Х ғ.ғ.), Қарахандықтар (ХІ-ХІІІ ғ.ғ.) (ТТ., б.81), Мәмлүк-қыпшақтарда (ТТ., б.95), Х-ХІ ғасырда Орта Азия (Сыр бойы) оғуздар (ТТ., б.104), VІІ-ІХ ғасырда Хазарлар қол астында болған печенектер (ТТ., б.138), ХІ-ХІV ғасыр Оңтүстік орыс даласындағы половецтер (ТТ., б.130), ХІ-ХІV ғасырдағы хорезм түріктер (ТТ., б.142), XV-XVI ғасырдағы шағатай (ТТ., б.183) тілдерінің барлығында «ž» фонемі болған.
9. Қыпшақ тобының қазіргі тірі тілдері қазақ (ТТ., б.317), қарайм (ТТ., б.331), қарақалпақ (ТТ., б.341), қырғыз (ТТ., б.371), қырым татары (ТТ., б.385-386), құмық (ТТ., б.411), ноғай (ТТ., б.423), Астрахан ноғайлары (ТТ., б.659), Астрахан ноғай-қарағаш (ТТ., б.243), башқұрт (ТТ., б.270), салар (ТТ., б.35), татар (ТТ., б.464) тілдерінде «ž» фонемі толық қолданыста келе жатыр.
10. Сібірлік Алтай (ТТ., б.233), барабан татарлары (ТТ., б.259), долгон (ТТ., б.308), тува (ТТ., б.497), хакас (ТТ., б.597), шор (ТТ., б.647), шұлым (ТТ., б.638) тілдерінде «ž» фонемі толық қолданыста.
11. Оғуз тобының түркімен (ТТ., б.537), өзбек (ТТ., б.553), ұйғыр (ТТ., б.568-569), азербайжан (ТТ., б.209) тілдерінде «ž» фонемі сол тілдерінің негізгі дыбыстарының бірі.
12. Орхон түріктерінің мәңгілік көршісі, әрі этникалық жағынан түбі бір моңғол, манчжур, түнгүс, танғад тілдерінде «ž» басым дыбыстардың бірі. Орхон түріктерінің тіліне осы аталған көршілес халықтардың тілі әсер етпей тұра алмайтынын есепке алуымыз жөн.
13. Соғд, ұйғур, моңғол-ұйғур алфавиттерінде z (з), ž (ж), j (й), i (і), j (и), z (з) әріптерін бір кескінмен белгілеген. Байырғы түрік руна жазуында осы ерекшелікті қайталап j (й) мен ž (ж) әріптерін бір ғана таңбамен кескіндеген.
Себебі, түрік тілінің ішіндегі «j» тілді диалектілер мен «ž» тілді диалектілер сол дәуірдің өзінде айқындалып, бөліне бастағанын еске алып осылайша бір таңбамен берген болуы әбден мүмкін.
14. Белгілі түріктанушы А.Н.Бернштам өзінің көп жылғы тарихи, тілдік зерттеулеріне сүйене отырып төмендегідей қорытынды жасаған. Онда: «В тюркском этногенезе Средней Азии ведущее значение имели тюркских племен, накаплиавющихся в Семиречье издавна. Языком Западнотюркского каганата стало одно из жекающих наречий, которое с течением времени подчинило себе все остальные иокающие» (А.Н.Бернштам. Избранные труды…1997. Т.І., с.465-466), — дейді. Бұл тұжырым жәй бір негізсіз айта салған сөз емес. Көп жылғы ізденіс, анализ, синтездің нәтижесінде жасалған қорытынды.
Осы 14 уәжге табан тірей жүгіне, Көк Түрік дәуірінің жазба мұралары Орхон мәтіндерінде «ž (ж)» фонемі болған деген тұжырым жасауға мүмкіндік туып отыр. Онда:
(ž, j). (ž, j) жуан айтылатын сөзге жазылады. Түркі тілдерінің фонологиясымен айналысқан зерттеушілер «ž (ж)» фонемін әр тілдегі айтылымын еске ала отырып dž, ž, ʒ, Ǯ, ǯ деген бес түрмен транскрипциясын беріп келген-ді. Кезінде «Советская тюркология» журналының редакциясы қабылдаған халықаралық фонетикалық транскрипция бойынша «ž (ж)» транскрипциясын қолдануды жөн көрді. Орта Азия (І-VI ғ.ғ.), Алтай (V-VI ғ.ғ.), Оңтүстік Енисей (VI-VII ғ.ғ.), Еуропа (Дон, Кубань VІІ-Х ғ.ғ.), Орхон, Енисей, Талас жазуында таңбаланған (кесте №7.714). Тайпа таңбасы ретінде соңғы палеолит, қола, темір және түрік дәуірінде қолданыста болған (кесте №2.22). Бұған дейін кескінді түріктанушы зерттеушілер бір ғана «j (й)» мәнмен оқып келді.
(ž) жуан айтылатын сөзге жазылады. Тіл алды, таңдай алды, жуасыңқы ұяң дыбыс. Сөз басында:
ž(a)bɣu «жабғуб (лауазым шені)» (МШУ.І.12; О.І.4; КТ.І.14)
ž(a)jm(y)s «жайған, ыдыратқан» (О.І.1)
žaž «жас» (Е.45)
ž(a)b(y)z «нашар, жаман» (КТ.І.26; БК.32; О.І.7)
ž(a)ɣ(y)z «қоңыр» (КТ.І.1)
ž(a)ɣčy «садақшы» (Тұй.50)
žaz «жаз» (БК.39; МШУ.ІІ.20)
žoq «жоқ» (Тұй.31; КЧ.3; Е.48)
žoq «жоқ» (Тұй.31; КЧ.3; Е.48)
ž(o)q(a)ru «жоғары» (Тұй.25)
ž(a)l(a)ŋuš «жалаңаш» (КЧ.23)
ž(a)l(a)ŋ «жалаң, жалаңаш» (КТ.І.28,29)
ž(a)ŋ(y)l «жаңыл» (КТ.І.19, IV.6,10; Тұй.26)
žujqa «жұқа» (Тұй.13)
žoq q(y)š «жоқ қыл» (БК.25)
žul «жұл» (БК.32; МШУ.ІІ.14)
žol «жол» (Тұй.16,23; Е.44; ХТ.V.1)
žurt «жұрт» (КТ.І.49)
žory «жоры, жорт» (Тұй.10,11; О.І.5,6)
ž(a)ša «жаса» (Е.36)
žuɣ(a)n «жуан» (Тұй.14)
Сөз ортасында (j) болып оқылады:
žyr(a)ja «солтүстік (жырақ)» (Тон.7,14)
bujruq «Бұйрұқ (қолбасшы)» (КТ.IV.1; Е.47)
b(a)šl(a)ju «бас етіп» (КТ.ІІ.8)
ul(a)ju «туыстас, ұялас» (КТ.ІІ.9)
q(a)l(a)jur «өшігу» (О.ІІ.3)
q(a)nt(a)j(y)n «қалайша, қалай» (Тұй.33)
Сөз аяғында таңба «j» болып оқылады:
t(a)luj «теңіз» (КТ.IV.3)
um(a)j «Ұмай ана» (КТ.IV.31)
b(a)j «бай» (КТ.І.29)
qunč(u)j «қаныша» (КТ.І.20)
qut(a)j «жібек» (БК.IV.11)
quš(u)j «Құшұй (жер атауы)» (ХТ.Х.3)
(ž). сөз басында «ž» болып оқылады. кескін Алтай-саян (б.з. V-VІ ғ.ғ.) Орхон, Енисей жазу үлгілерінде ғана кездеседі. Басқа жазу үлгілерінде жоқ. Тайпа таңбасы ретінде тағы да кездеспейді. Бұған қарағанда байырғы түрік жазуына реформа жасаған кезде енгізген графика екені көрініп тұр.
Сөз басында:
žig(en)-čor «Жиен-чор (кісі аты)» (КЧ.26)
žig(i)rmi «жиырма» (КТ.ІІІ.13; КЧ.18)
žigr(e)n «жирен (түс)» (КЧ.15,21)
žük(ü)n «жүгін» (КТ.І.18)
žel «желу» (Тұй.26,27,34,52)
žez(e)k «қорғаныс, бекініс» (КТ.І.33)
žüg(ü)r «жүгір» (Тұй.52,54; КТ.І.24)
сөз ортасында «j» болып оқылады:
kej(i)k «киік» (Тұй.8; Е.28)
k(e)jre «Керулен (өзен)» (МШУ.6,7,18)
t(i)j(i)n «деп айтайын, дейін» (КТ.І.25)
ig(i)d(e)jin «игі етейін» (КТ.ІІ.2,15).
Бұл – байырғы түрік жазба тілінің фонетикасында алғаш рет көтеріліп отырған күрделі мәселе. Бір ғана байырғы түрік «ž (ж)» фонеміне іргелі зерттеу жүргізіп, монографиялық еңбекке жүк етуге әбден болады. Зерттеп отырған тақырыбымызға ауырлық ететіндіктен проблеманы көтеріп, кейінгі зерттеушілерге ашық қалдыруды жөн көрдік.
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:
Бернштам. Избранные труды. – Бернштам А.Н. Избранные труды по археологии и истории кыргызов и Кыргызстана. Т.І. Бишкек.1997.
Гукасян. Об одной… – Гукасян В.Л. Об одной древнетюркской письменности//СТ.1981.№3.С.76-84.
Gabain. Eski türkcenin… – Gabain.A.von. Eski türkcenin grameri. Ankara. 1988.
Kašgarli. Divanü… – Kašgarli M. Divanü lugat-it-Türk tercümesi. Gevren Besim Atalay. Ankara. 1985-1986.
Дорж, Новоградова. Петроглифы. – Дорж Д., Новоградова Э.А. Петроглифы Монголии. УБ.,1975.
Новоградова. Мир петроглифов – Новоградова Э.А. Мир петроглифов Монголии. М., 1984.
Новоградова. Аршан-хад. – Новоградова Э.А. Аршан-хад – древнейший памятник изобразительного искусства Восточной Монголии//История и культуры Центральной Азии. Новосибирск. 1983. С.306-310.
Новоградова. В стране – Новоградова Э.А. В стране петроглифов и эдельвейсов. М., 1982.
Сартқожаұлы. Орхон мұралары – Сартқожаұлы Қ. Орхон мұралары. Астана. 2003.
Сартқожаұлы Қ. Байырғы түрік рун жазуының шығу тегі//Көне түркі жазба ескерткіштері: Жазу мәдениетінің бастаулары, тілдің даму құбылыстары. ҚР. Тіл комитеті. Астана. 2005. 67-82 б.
Сартқожаұлы. Экспедиция. 2004. – Сартқожаұлы Қ. Моңғолия экспедициясы. –2004. ЕҰУ-нің қолжазба қоры.
Окладников. Петроглифы 1980. – Окладников А.П. Петроглифы Центральной Азии. Л.,1980.
Окладников. Петроглифы 1984. – Окладников А.П. Петроглифы Монголии. Л.,1984.
Окладников. Аршан-хада – Окладников А.П. Древнейшие петроглифы Аршан-хада (Пластинка и рисунки древних культур). Новосибирск. 1983.
Түркі тілдері. Астана. 2002.
Цэвээндорж Д. Жавхалант – Цэвээндорж Д., Цэрэндагва Я., Гүнчинсүрэн Б., Гарамжав Д. Жавхалант Хайрханы хадны зураг//Айвенхоу майнз Монголиа ИНК. УБ., 2004. С. 90-99.
Дэвлет. Петроглифы – Дэвлет М.А. Петроглифы на кочевой тропе. М., 1982.
Дэвлет. Саянская – Дэвлет М.А. Петроглифы Саянская моря. М., 1968.
Кубырев, Матонкин. Алтая – Кубырев В.Д., Матонкин Е.П. Петроглифы Алтая. Новосибирск. 1992.
Кадырбаев, Марьяшев. Наскальные – Кадырбаев М.К., Марьяшев А.Н. Наскальные изображения хребта Каратау. А-А., 1977.
Шер. Петроглифы – Шер Я.А. Петроглифы Средней и Центральной Азии. М., 1980.
ҚЫСҚАРҒАН АТАУЛАР
МК – Махмұд Қашқари
ТТ – Түркі тілдері
СТ – Советская тюркология