ТЕҢЕУ
Теңеу дегеніміз – заттың не құбылыстың ерекше белгілерін басқа затпен не құбылыспен салыстыра суреттеу. Мысалы:
Әсерлі таңғы ауадай
Мөлдір үнің,
Сазына балқытады елді бүгін-
деген жолдардағы таңғы ауадай тіркесі теңеу болады, себебі ақын үнді таңғы ауаға теңеп тұр. Теңеудің жасалуының үш тәсілі бар. Ол:
1) -дай-дей, -тай-тей, -дайын-дейін, -тайын-тейін жұрнақтары арқылы (таулардың сілеміндей);
2) -ша-ше жұрнағы арқылы (балаша қуанды);
3) -нан-нен, — дан-ден, -тан-тен шығыс септігі жалғауы арқылы
(алтыннан соққан);
4) сияқты, секілді, тәрізді, іспетті шылаулары арқылы (гүл секілді қызарады, көктейді) жасалады.