ТАРИХИ СӨЗ

ТАРИХИ СӨЗ

Қоғамның дамуымен көптеген ұғым ескіріп, соған сәйкес сөздер де актив лексика қатарынан қала бастайды. Бұндай сөздер негізінен тарихи оқиғаларға байланысты болып келеді. Мысалы, құл, бай, манап, шонжар, жалшы, күң, уәзір, хан. Бұл сөздер халқымыздың өткен өмір тарихын, қоғамдық құрылысын көрсетеді. Осындай сипатқа ие сөздерді  тарихи сөздер деп атайды. Тарихи сөздер мағыналарына қарай бірнеше топқа бөлінеді: 1) Ел басқаруға байланысты  тарихи сөздер: хан, патша, уәзір, би, қазы, старшын, сұлтан, болыс, жандарал, совнархоз; 2) Әдет-ғұрып, тұрмысқа байла  нысты тарихи сөздер: бәйбіше, тоқал, қалыңмал, сырға салу, отқа салар, ат ұстатар, т.б. 3) Діни ұғымдарға байланысты тарихи сөздер: азан, підия, ишан, молда, қажы, қары, құдайы, тасаттық, т.б. 4) Құ рал, қару-жараққа байланысты тарихи сөздер: жерағаш, шақпақ, шақпақ тас, ашамай, садақ, адырна, алдаспан, айбалта, найза, т.б. 5) Киім-кешек, үй жиһаздарына байланысты тарихи сөздер: кимешек, жарғақ дамбал, шекпен, шапан, т.б. Тіл — тірі құбылыс. Сол себепті бүгін көнерген сөздердің қатарына жатқызып отырған сөздеріміз уақыт өте келе тілімізде белсенді қолданысқа ие болуы да мүмкін. Тарихи сөздер стильдің қай түрінде болмасын кездеседі. Негізінен қолданылатын жері көркем әдебиет пен ғылыми еңбектер.  

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *