СӨЙЛЕУ ЫРҒАҒЫ
Сөйлеу ырғағы – құрылымдық сипат беруші, мәтін құраушы әрі экспрессивті-эмоционалды қызмет атқарушы, ұқсас, үндес сөйлеу бірліктерінің үнемі қайталанып отыруы. Ол өлең, проза түріндегі көркем мәтіннің эстетикалық негізі болып табылады. Әсіресе, өлең мәтіндерінде айқын көрінеді, ал еркін диалог сөздерде азырақ байқалады. Сөйлеу ырғағының прозадағы бірлігі – синтагма, ал өлеңде – дыбыс, буын, өлең жолы, шумақ. Бұлардан тіл бірліктерінің иерархиялық (сатылы) жүйесі қалыптасады.
Тіл білімі терминдерінің сөздігі. – Алматы, 2012