СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ

СӨЙЛЕУ ТІЛІНІҢ ЛЕКСИКАСЫ Лексиканың белгілі бір тобы өзінің стильдік бояуына байланысты көбінесе сөйлеу стиліне тән болып келеді де, сонда жиірек қолданылады. Ондай сөздер сөйлеу тілі лексикасы деп аталады. Адамдардың күнделікті қарым-қатынасында, қызмет бабында (баяндамада, лекция да, неше алуан сұрақ-жауапта, жарыс сөзде, басқа да ретте) стиль дік бояуы әртүрлі сөздердің қай-қайсысы да жалпы айтылады. Бірақ оның бәрі сөйлеу тілі лексикасына жатпайды. Тілде де ғылыми стильде, ресми-кеңсе стилінде негізінен қолданылмайтын, тіпті көркем әдебиет пен публицистикалық стильдердің өзінде көп кездеспейтін, қайта бұларға қарағанда сөйлеу стилінде жиірек айтылатын белгілі бір сөздер тобы болады. Сөйлеу тілі лексикасы осындай сөздерді қамтиды. Мұндай сөздердің сөйлеу тілі лексикасы деп аталуы да осы қолданылу аясына байланысты. Сөйлеу стиліне, яғни сөйлеу тілі лексикасына қарапайым сөздер, табу, эвфемизм, диалектизм, арго сөздер жатады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *