СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚАТЕ

СТИЛИСТИКАЛЫҚ ҚАТЕ

Стилистикалық қате – белгілі бір сөйлеу жағдайына сай келмейтін, стилистикалық нормадан ауытқудың салдарынан болатын қате. Мұндай қателердің екі түрі бар. Олар лексикалықстилистикалық қателер және грамматикалық-стилистикалық қателер. Байланыстырып сөйлеуде сөздің лексикалық ұғымын, оның ерек шелігі мен сан-салалы қызметін ескермей, әдеби норманы бұзушылық – лексикалық-стилистикалық қате деп есептеледі. Қатенің бұл түрі сөз мағынасын жете түсінбеушіліктен (Көктемде жылқылар құлыншақтайды); лексикалық синонимдер қорының тапшылығынан; синоним сөздердің мағыналық нәзік реңктерін айыр мау шылықтан; жергілікті тіл ерекшеліктері мен ауызекі тілдің лексикасындағы сөздерді орынсыз қолданудан, варваризмдерді ретсіз пайдаланудан, сөздердің тура мағынасын, контекстегі қосымша мағыналарын, синонимдік,  антонимдік т.б. ерекшеліктерін тілдік заңдылықтарға сәйкес қолдана  білмегендіктен туындайды. Грамматикалық-стилистикалық қателерге  ойды білдіруде тілдік материалдар мен грамматикалық тәсілдерді  дұрыс пайдалана білмеу, олардың стильдік ерекшелігі мен қызметін айқындамау жатады. Оның ішінде морфологиялық тұлғаларды дұрыс қолданбаудан және синтаксистік байланыстың бұзылуынан туындаған қателер жиі кездеседі. Тіліміздегі қосымшалардың жалпыға бірдей қалыптасқан заңы бар. Оларды кез келген сөзге жалғай беруге болмайды. Осы мәнді жете түсінбегендіктен жіберілген қателер стильдің қай түрінде де жиі кездеседі. Мәтіндегі ойдың ұзын-ырғасын сақтап, әрбір сөздің мәнін, стильдік бояуын ескермегендіктен, сөйлемдегі синтаксистік байланыстың бұзылуынан, сөздердің орын тәртібін сақтамаудан туындаған қателерді стилистикалық норма бұзушылық ретінде қабылдаймыз.

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *