ОРТОЛОГИЯЛЫҚ СӨЗДІК
Ортологиялық сөздік ( грек. orthos — түзу, дұрыс + logos – ғылым) – әдеби тілдің нормаларын нығайту, тіл және сөйлеу мәдениетін жетілдіру мақсатында құрастырылған нормативтік сөздіктердің жалпы атауы. Ортологиялық сөздіктерге тілдің орфоэпиялық және грамматикалық деңгейлеріне қатысты жіберілетін қателерді түзету және оларды болдырмау, сондай-ақ сөздерді дұрыс қолдану нормаларын үйрету мақсатында құрастырылған сөздіктер жатады. Тіл үйренушілердің тілдік бірліктерді ауызша және жазбаша қолдану нормаларын сақтауы үшін мұндай сөздіктердің берері мол.