НОРМАДАН АУЫТҚУ

НОРМАДАН АУЫТҚУ

Белгілі бір нормадан ауытқудың бәрі бірдей теріс әрекет бола бермейді. Белгілі бір коммуникативтік мақсатқа, діттемеге байланысты жөн біле отырып ауытқу прагматикалық мақсатқа тән уәжді ауытқуға жатады да, коммуникативтік әсер-ықпалы ерекше болады. Тілдік қарым-қатынас кезінде “іріктелген”, “тұрақ талған”, “уақыт сынынан өткен” қолданыстағы жүйелер белгілі бір се бептен “бұзылып” жатады. Сөз субьектісі реципиентке әсер, ықпал етудің тілдік, риторикалық, стильдік тәсілі мен амалы ретін де сөзді тіркеспейтін сөздермен тіркестіруі, сөзді әдеттегі, үйрен шікті мағынасынан өзгеше мәнде жұмсайды, фразеологизм, паре мологизмдердің тұрақты құрылымын “бұзып” қолданады, сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіреді, орфографиялық, орфоэпиялық тәртіптен ауытқиды. Сөйтіп автор реципиенттің мәтінді қабылдау үрдісіндегі (процесіндегі) автоматизмді “әлсіретуге” тырысады. Белгілі бір мақсатты көздеп, нормадан ауытқуды прагматикалық ауытқу деп атайды.

1.        Тілдік нормадан прагматикалық ауытқу. Нормадан ауытқудың бұл түрі тілдік жүйе және құрылымға тікелей қатысты. Тілдік норма дегеніміз қоғамдық коммуникация кезінде әбден іріктелген, уақыт сынынан өтіп тұрақталған тілдік жүйенің бөлігі, жиынтығы. Тілдік нормадан прагматикалық мақсатта ауытқуға сөзді тіркеспейтін сөзбен тіркестіру; сөзді түрленбейтін қосымшалармен түрлендіру; фразеологизмдердің құрамын бұзып қолдану; орфографиялық норманы бұзып қолдану; орфоэпиялық норманы бұзып қолдану.

2.        Мәтін нормасы/сөз нормасынан  прагматикалық ауытқу. Мәтін  нің, сөздің тұтастығын мәтіннің құрылымдық бірліктерінің өзара байланысын, мәтіннің бір мәнді сипатын, белгілі бір стильге, жанрға жататынын қамтамасыз ететін жазбаша немесе ауызша сөз саптаудың, мәтін құрудың ережелері. Сөз әрекеті кезінде прагматикалық мақсатқа байланысты сөз, мәтін нормасынан әдейі ауытқу риторикалық тәсілге жатады. Тілдік норма бұзылмайды. Сөз сөйленім, мәтін нормасынан ауытқудың риторикалық тәсілдеріне амплификация, анадиплозис, антиэллипсис, т.б. жатады.

3.        Логикалық нормадан прагматикалық ауытқу – әдеттегі, қалыпты сөзде формалды логика заңдарының сақталуы логикалық норма дегенге саяды. Прагматикалық мақсатпен байланысты ауытқу паралогикалық риторикалық тәсіл деп аталады. Мысалы, бір нәрсенің бір мезгілде әрі жалған, әрі ақиқат болуы мүмкін емес. Мысалы, күн шайдай ашық кезде жаңбыр жаумайды, күн жауса, шайдай ашық болмайды. Алайда бұлтсыз күнгі найзағай деген қолданыс ешкім күтпеген, табан астында болған оқиғаға байланысты айтылады. Осылайша логикалық нормадан мақсатты түрде ауытқи отырып, ақылға қонымсызды ақылға сыйдыру сөз шеберлігінің бір қырына жатады. Тоқпағы мықты болса, киіз қазық жерге кіреді; Қалауын тапса қар жанады дейтін мақал-мәтелдер паралогикалық тәсіл арқы лы жасалған.

4.        Онтологиялық нормадан прагматикалық ауытқу. Онтология – ақиқат дүниенің тілдік бейнесі, болмыстың жалпы адамзатқа тән, я болмаса белгілі бір мәдени-тілдік қоғамдастыққа тән құрылымдары, заңдары, формалары. Мысалы, қазақ қоғамындағы мәдени, тұрмыстық санада құда “сыйлы адам”, “мыңжылдық жекжат”. Осы түсінік құрмаласқан құда, құшақтасқан дос, т.б. сөз орамдары арқылы репрезентацияланады. Тілдік ұжымның санасындағы ақиқат дүниенің тілдік бейнесін Қадыр Мырза Әлі өлеңіндегі мына жолдар дәлме-дәл береді: Қазақ – осы құда бол деп қинайтын, құдаларын құдайдайақ сыйлайтын. Абай “Қыс” өлеңінде осы онтологиялық норманы прагматикалық мақсат көздей отырып бұзған. Ақын қысты әлекке түсіретін кәрі құда түрінде сипаттау арқылы, яғни параонтологиялық тәсіл арқылы оқырман зейініндегі автоматизмді бейтараптандырады.

                            Н.Уәли. Қазақ сөз мәдениетінің теориялық негіздері.

                                    – Алматы, 2007

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *