ИНДУКТИВТІЛІК

ИНДУКТИВТІЛІК (латынша – әсер беру, бейімдеу, қоздыру) – электр тізбегінің магниттік қасиеттерін сипаттайтын шама. Өткізгіш контурмен өтетін ток өзін қоршаған кеңістікте магнит өрісін тудырады. Сонымен қатар контурды (не онымен байланысқан контурды) тесіп өтетін магнит ағыны (Ф) ток күшіне (І) тура пропорционал: Ф = L І, мұндағы L пропорционалдық коэффициенті – индуктивтілік немесе контурдың өздік индукция коэффициенті деп аталады. Ол – контурдың мөлшері мен пішініне, сондай – ақ контурды қоршаған ортаның магниттік өтімділігіне тәуелді болады. Индуктивтілік Халықаралық бірліктер жүйесінде (СИ) генримен, ал СГС жүйесінде сантиметрмен (1 Гн = 109 см) өлшенеді.

Егер электрлік және механикалық құбылыстардың арасындағы ұқсастықты еске алатын болсақ, онда магниттік энергияны дененің кинетикалық энергиясымен Т = 2/2 (m – дененің массасы, υ – оның жылдамдығы), ал индуктивтілік массаның орнына, ток – жылдамдыққа сәйкес болады. Сонымен индуктивтілік токтың инерциялық қасиеттерін анықтайды.

 Индуктивтілікті арттыру үшін темір өзекшелі орамдар қолданылады; осының нәтижесінде ферромагнетиктердің магниттік өтімділігі (μ) осындай орамдар индуктивтілігінің магниттік өрісінің кернеулігі токқа (І) тәуелді болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *