ИМПУЛЬСТІК РЕАКТОР

ИМПУЛЬСТІК РЕАКТОР (латынша «ре – қайталама, қарсы әсер» + «актио – әсер») – ұзақтығы бірнеше ондаған микросекундтан (мксек, 10-6 секунд) бірнеше секундқа дейін созылатын нейтрондар ағынының қысқа уақыттық импульстерін тудыратын ядролық реактор. Импульстік реакторда нейтрондардың көбею коэффициенті тез артады, мысалы, реактордың активті зонасына қосымша ядролық отын ендіру арқылы ядролық тізбекті реакцияның дамытылуына жағдай жасалады. Өздігінен сөнетін әсерлі деп аталған импульстік реактор импульсінің сөнуі активті зонаны қыздыру нәтижесінде нейтрондардың көбею коэффициентін кеміту есебінен жүзеге асырылады және реактор салқындатылған соң (бірнеше сағат бойы) импульс қайтадан әсер ететін болады.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *