ИЗОХОРА (грекше «изос – тең, бірдей» + «хора – орны») – күйлердің термодинамикалық диаграммасында изохоралық үрдісті бейнелейтін сызықтар. Идеал газға арналған изохоралық теңдеу өте қарапайым: р/Т=const, мұндағы р – қысым, Т – температура.
ИЗОХОРАЛЫҚ ҮРДІС (ПРОЦЕСС) – физикалық жүйеде тұрақты көлем кезінде өтетін үрдіс; күйлердің термодинамикалық диаграммасында изохора сызығымен кескінделеді. Газдарда және сұйықтарда изохоралық үрдісті жүзеге асыру үшін оларды өздерінің көлемін өзгертпейтін герметикалық (ештеңе өткізбейтін) ыдыста ұстау қажет. Изохоралық үрдіс кезінде дененің көлемін өзгертуге байланысты механикалық жұмыс істелмейді; дененің ішкі энергия- сының өзгеруі жылуды жұту немесе оны бөліп шығару есебінен жүзеге асады. Газ (сұйық) температурасының өзгеруімен бірге оның қысымы да өзгереді. Идеал газдағы изохоралық үрдіс кезінде қысым температураға пропорционал (Шарль заңы бойынша) болады. Идеал емес газға Шарль заңы тура болмайды, себебі газға берілген жылудың бір бөлігі бөлшектердің өзараәсерлесу энергиясын арттыруға жұмсалады. Қатты денеде изохоралық үрдісті жүзеге асыру техникалық тұрғыда едәуір күрделі. Іс жүзінде қатты денедегі кез келген изотермиялық үрдіс дененің аз сығылатындығынан бірнеше ондаған килобар қысымға дейін изохора- лық үрдіс болып табылады. Өзараәсерлесетін заттардың көлемі өзгермейтін химиялық реакцияларды, карбюраторлық қозғалтқыштардағы отынның жануын изохоралық үрдіс ретінде қарастыруға болады.
ИЗОХРОНДЫЛЫҚ (грекше «изос – теңдей, бірдей» + «хронос – уақыт») т е р б е л і с т е р д і ң – тербелмелі жүйенің тербелістер амплитудасының өзіндік тербеліс периодына тәуелсіздігі.