ИЗОТОПТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР

ИЗОТОПТЫҚ ИНДИКАТОРЛАР (грекше «изос – тең, бірдей» + «топос – орын»; латынша «индикатор – көрсеткіш»), т а ң б а л ы а т о м д а р – әрқилы үрдістерді зерттеулер кезінде (тірі организмдердегі де) «таңбалар» ретінде пайдаланылатын табиғи изотоптардан айырмашылығы болатын заттар. Изотоптық индикаторлық әдісті 1913 жылы венгр радиохимигі Дьёрдь Хевеши (1885 – 1966) мен австриялық радиохимик Фридрих Панет (1887 – 1958) бірлесіп ұсынған. Изотоптық «таңба» үшін көбінесе радиоактивтік изотоптар пайдаланылады, олар анықталып табылады және де сан жүзінде өлшене алады. Тұрақты изотоптар сирек пайдаланылады, оларды іздеп табу қиынырақ. Радиоактивтік «таңбалар» үшін мына нуклидтер қолданылады: сутек-3, көміртек-14, фосфор-32, күкірт-35, кальций-45, кобальт-60, стронций-90, цирконий-95, ниобий-95, иод-131 т.б. Сәулелерді байқау үшін әдетте газразрядты есептеуіштер, сцинтилляциялық есептеуіштер, ядролық фотографиялық эмульсиялар, т.б. бөлшектер детекторлары пайдаланылады. Изотоптық индикаторлар арқылы заттардың жүйелердегі үлестірілуі және қозғалыстары зерттеледі.

ИЗОТОПТЫҚ СПИН – изотоптық мультиплеттегі (спектрлік сызықтар- дағы) адрондар санын анықтайтын кванттық сан. Изотоптық спин адрондар- дың зарядтық күйлерін анықтайтын сан [немесе изотоптық мультиплеттегі бөлшектер санын (n)]: n = 2І + I, мұндағы І – спин.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *