ИЗОТОПТЫҚ ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ

ИЗОТОПТЫҚ ИНВАРИАНТТЫЛЫҚ (латынша «инварианс – өзгермей- тін») – қарапайым бөлшектердің күшті өзараәсерлесулеріне тән ерекше симмет- рия. Табиғатта бар күшті өзараәсерлесуі болатын (адрондар) бөлшектердің әрқайсысына жуық шамамен массалары бірдей және ішкі сипаттамалары [спині, ішкі жұптылығы, В бариондық заряды, S ғажаптылығы, С «таңғажайып» («таңқаларлық», в «сұлулық», электр зарядынан басқасының барлығы] бірдей бөлшектер енетін «ұқсас» топтар. Осындай топтар и з о т о п т ы қ мультиплеттер деп аталған. Бір изотоптық мультиплетке енетін күшті өзараәсерлесу бүкіл бөлшектер үшін ортақ, яғни электр зарядына тәуелді болмайды; күшті өзараәсерлесудің білінуінің бір белгісі болатын, осы жайт изотоптық инварианттылық деп аталған.

Бір изотоптық мультиплетке біріктірілуі мүмкін бөлшектердің қарапайым мысалына: протон (р) және нейтрон (n) жатады. Тәжірибелер протонның протонмен, нейтронның нейтронмен және протонның нейтронмен күшті өзараәсерлесуі (егер олар сәйкес түрде бірдей күйлерде болса) болатынын көрсетеді; бұл жағдай изотоптық инварианттылықтың басы болады. Протон мен нейтрон бір бөлшек – нуклонның екі әртүрлі зарядтық күйі ретінде қарастырылады; олар и з о т о п т ы қ д у б л е т құрайды.

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *