
ИЗОТЕРМА (грекше «изос – теңдей» + «терма – жылу») – күйлердің термодинамикалық диаграммасында изотермиялық үрдісті өрнектейтін сызықтар. Идеал газдың изотермиялық теңдеуі: pV-const, мұндағы p – қысым, V – газ көлемі. Сонымен, p, V координаттарында р, V изотерма гипербола тәрізді болады. Нақты газ үшін изотерма теңдеуі едәуір күрделі сипатты және тек төменгі қысым немесе жоғары температура кезінде ғана изотерма теңдеуіне ауысады. р, V коорданаттарында изотерма жүрісі әрқашан адиабатадан сәл ғана тіктеу болады.
ИЗОТЕРМАЛЫҚ ҮРДІС – физикалық жүйеде тұрақты температура кезінде өтетін үрдіс; күйлердің термодинамикалық диаграммасында изотермамен кескінделеді. Жүйенің изотермалық үрдісін жүзеге асыру үшін термостатқа (тұрақты температура ұстап тұратын құрылғыға) орналастырылады, мұның жылу өткізгіштігі жоғары, жүйенің температурасы іс жүзінде термостаттың температурасынан айырмашылығы болмайды. Изотермалық үрдісті өзгеше де: жылу көздерін немесе жылу ағынын қолдану арқылы жүзеге асыруға болады. Изотермалық үрдістің мысалына тұрақты температурадағы сұйықтың қайнауы немесе қатты дененің балқуы жатады. Идеал газда изотермалық үрдісте қысымның көлемге көбейтіндісі тұрақты болады (Бойль – Мариот заңы), Жүйедегі изотермалық үрдіс кезінде, жалпылама айтқанда, белгілі бір мөлшерде жылу беріледі (немесе жүйе жылу береді) және сыртқы жұмыс жүзеге асырылады. Идеал газдар үшін осы жұмыс Nk Тln (V2/V1), мұндағы N – газ бөлшекте- рінің саны, Т – абсолюттік температура, V1 және V2 – үрдістің (процестің) бастапқы және соңғы кездеріндегі көлемдері. Егер тек фазалық ауысу жүзеге асырыл- майтын болса, қатты денелерде және көптеген сұйықтарда изотермалық үрдіс дене көлемін сәл ғана өзгертеді.