
ИЗОБАРА (грекше «изоз – тең, бірдей» + «барос – ауырлық») – термодинамикалық күйлер диаграммасындағы тұрақты қысым (изобаралық үрдіс) кезінде өтетін үрдісті (процесті) кескіндейтін сызық. Идеал газдың изобаралық теңдеуі: Т/υ = const, мұндағы υ – меншікті көлем, Т – температура.
ИЗОБАРАЛЫҚ ҮРДІС – физикалық жүйеде тұрақты сыртқы қысым кезінде өтетін үрдіс; термодинамикалық диаграммада изобара арқылы өрнек- теледі. Изобаралық үрдіске ашық ыдыстағы судың қайнауы, еркін қозғалатын поршені бар цилиндрдегі газ көлемінің ұлғаюы қарапайым мысал бола алады. Екі жағдайда да қысым атмосфералық қысымға тең. Изобаралық үрдіс кезіндегі идеал газ температураға пропорционал (Гей-Люссак заңы) болады. Изобаралық үрдістегі жүйенің жылу сыйымдылығы изохоралық үрдістегіден (тұрақты көлем кезіндегі) артық болады. Мысалы, идеал газ жағдайында сp – cυ=k, мұндағы, cp және cυ – изобаралық және изохоралық үрдістердегі бір бөлшекке келетін жылу сыйымдылықтар. Изобаралық үрдіс кезіндегі идеал газ жасайтын жұмыс p∙∆V-ге тең, мұндағы р – қысым, ∆V – газ көлемінің өзгерісі.
ИЗОБАРЛАР – нуклондарының саны, яғни массалық саны бірдей және протондар мен нейтрондар сандары әр түрлі болатын атом ядролары. Тұрақты және радиоактивті изобар көп: мысалы, цирконий-96 9640, молибден-96 9642, руте-
ний-96 96. Бұлардың барлығының атомдық массалары өзара тең (96), бірақ
44 атомдық нөмірлері әртүрлі (40, 42 және 44).